• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚазАвтоЖол француздық сарапшылармен Қазақстанда ақылы жолдарды енгізуді талқылады

ҚазАвтоЖол француздық сарапшылармен Қазақстанда ақылы жолдарды енгізуді талқылады

14 Қыркүйек, 2016 19:36
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-да төлем өндіріп алудың жүйесін талқылау үшін «G.E.A.» француз компаниясының өкілімен кездесу өткізді. Осындай жүйе Астана-Шу автожолдарында жұмыс істейді, деп хабарлады Ұлттық компания.

Кездесу барысында қазіргі күні елімізде автожолдарды қайта жөндеу мен құрылыс жұмыстары үлкен көлемде жүргізіліп жатқандығын «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Талғат Адуов  айтты. 

Техникалық санаты өскен жолдардың ұзындығы ұлғайды және олар пайдалануда ерекше тәсілді талап етеді.

«Ақылы жолдардың учаскелерінде тиісті тәжірибе бар»,-деді Талғат Адуов.

Қазіргі күні «ҚазАвтоЖол» ұлттық операторы Тайван, Түркия, Австрия, Мажарстан, Франция, Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай және Ресейден келген әлемдегі жетекші жоғары жылдамдықты автомобиль жолдары басқармасының өкілдерімен кеңестер өткізуде.

Барлық жаңалықтар