- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 350 пәтердің құрылысы аяқталуға жақын
Қызылордада «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 350 пәтердің құрылысы аяқталуға жақын
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған әлеуметтік үйлердің пайдалануға берілуі қазан айына жоспарланған. Тұрғын үйлер «Сәулет» шағын ауданында орналасқан, жаңа пәтерлердің ауданы 21 мың шаршы метрден асады.
«Бәйтерек девелопмент» АҚ Қызылорда қаласында жалпы ауданы 96 мың шаршы метрден асатын 1470 пәтер құрылысына жеке құрылыс салушыларымен 7 инвестиция шартын жасасты. Тұрғын үй кешендерін пайдалануға беру 2016 – 2017 жылдарға жоспарланған. Пәтерлер екі бағыт бойынша өткізіледі: «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша кредиттік тұрғын үй және жергілікті атқарушы органдар арқылы жалға берілетін тұрғын үй.
Банк салымшылары үшін бір шаршы метрдің бағасы 141 мыңнан 149 мың теңгеге дейін (объектіге байланысты) құрайды. Жалға берілетін тұрғын үй әкімдіктерде пәтер алу кезегінде тіркелген, әлеуметтік әлсіз топтарға жататын азаматтарға беріледі.
2016 жылғы 15 қыркүйекте «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Қызылорда қаласында «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы кредиттік тұрғын үй алуға салымшылардан өтінімдер қабылдауды аяқтайды.
Бұдан басқа, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша басқа да өңірлерде салынып жатқан бірқатар нысанның құрылысы қарқынды жүріп жатыр немесе аяқталып қалды. Ағымдағы жылдың соңына дейін Қызылорда, Тараз, Шымкент, Орал, Ақтөбе және Семей қалаларында 207 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға тапсырылады деп жоспарланып отыр.
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Бәйтерек девелопмент» АҚ Қазақстанның 13 өңірінде тұрғын үй объектілерін салуға 40 шарт жасасты. Компания алдағы екі жыл ішінде республика бойынша жалпы ауданы шамамен 456 мың шаршы метрді құрайтын 7 500 пәтер салу үшін шарттарға қол қойды. Компания 2016 – 2017 жылдары Қазақстан бойынша 691 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салуды жоспарлайды.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы