• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сапарбаев: ҚР Президентінің тапсырмаларын орындауға арналған барлық керекті қорлар бар

Б.Сапарбаев: ҚР Президентінің тапсырмаларын орындауға арналған барлық керекті қорлар бар

14 Қыркүйек, 2016 15:31
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жиналыста Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауға тапсырма берді. Жиналыс бейнеконференция тәртібінде өтті. Жиналыс кезінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды.

Аймақ әкімдері, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары жиналысқа қатысып, облыс экономикасын әртараптандыру, шикізаттық емес экспортқа бағдарланған бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, көліктік инфрақұрылым мен тұрғын үй құрылысы бойынша жұмыс қорытындыларын айтып өтті.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысымен қойылған тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуын ескерді.

«Мемлекет басшысының негізгі тапсырмасы - әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің нашарлауына жол бермеу. Өткен жылмен салыстырғанда, біздің облысымызда өндірістің көлемі, инвестицияны жұмылдыру, әрекеттегі ШОБ субъектілерінің саны мен тауар айналымы бойынша кейбір артта қалушылықтар бар. Алайда, бізде барлық керекті қорлар бар және олар жылдың соңына дейін тиісті көрсеткішке қол жеткізуге сепкі болады»,-деді Б.Сапарбаев.

Жиналыс барысында ағымдағы жылдың 8 айында Ақтөбе облысында бюджеттің орындалу мәселесі талқыланды. Облыстың қаржы басқармасының мәліметі бойынша, есептік кезеңде аймақтың бюджеті 113,5 пайызға орындалған, нақты 61 883,1 млн теңге түсті.

Бердібек Сапарбаев бюджет қаражатын қатаң бақылауды талап етті және бюджеттік бағдарламаның әкімшілігіне, аудан және Ақтөбе қ. әкімдеріне  қаржыландыру жоспарларына сәйкес толық және тиімді дамуын қамтамасыз етуге тапсырма берді.

Барлық жаңалықтар