- Басты
- Жаңалықтар
- Астана әлемдік озық әзірлемелерді көрсететін тиімді алаңға айналады
Астана әлемдік озық әзірлемелерді көрсететін тиімді алаңға айналады
Конференция «жасыл экономика» саласы, «жасыл» технологияларды енгізу бойынша халықаралық тәжірибемен алмасу, алдыңғы қатарлы «жасыл» технологиялардың трансферті және тәжірибелері, «жасыл» өсімді дамыту және бизнесті жасылдандыру мәселелерін талқылайтын диалог алаңы болып табылады.
Конференция шеңберінде Жасыл технологиялардың халықаралық орталығын құру, сондай-ақ «Жасыл көпір» Бағдарламасының бұдан әрі дамыту мәселелері қарастырылады. Конференция барысында қазіргі таңда жасыл экономика бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар және халықаралық тәжірибені ескере отырып, жобаларды қаржыландыру, сондай-ақ жасыл технологиялардың трансферті мәселелері көтеріледі.
«Біз, Астананың күн, жел, биогаз, теңіз және термаль суларын пайдалану саласындағы әлемдік озық әзірлемелерді және трендтерді көрсететін тиімді алаңға айналатынына сенеміз. Бұл жерде дәстүрлі және баламалы энергияны шығару және пайдалану саласындағы ең жақсы деген «ноу-хау», озық және болашағы бар жобалар көрсетіледі. Көрме алаңын Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы Жасыл технологиялардың халықаралық орталығына тапсыру орынды деп санаймыз», - деді өз баяндамасында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
Сондай-ақ, бірінші панельдік сессиядан кейін Жасыл көпір серіктестік бағдарламасының хартиясына бес үкіметтік емес ұйымның қол қою рәсімі өтеді.
Конференция шеңберінде жасыл экономикада қолданылатын стандарттар және инвестиция тарту сияқты мәселелер талқыланатын «Жасыл бизнесті экономикалық ынталандыру және қолдау» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысын өткізу жоспарланып отыр.
Конференцияға халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, ҚР Парламент депутаттарының, үкіметтік емес ұйымдардың, академиялық институттардың, бизнес-құрылымдарының және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері қатысты.
-
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
COVID-19: «Sinovac» вакцинасының тиімділігі -
«Ashyq» қосымшасы: алғашқы нәтижелер, тиімділігі және өңірлерге таралуы -
Hayat Vax вакцинасы: тиімділігі мен қауіпсіздігі -
Әлемдегі COVID-19: Қазақстан жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 110-орында -
Олжас Байділдинов: Бензин бағасының өсуі – әлемдік тенденция -
Отандық QazVac вакцинасы қаншалықты тиімді -
Экстремизм мен терроризм: Әлемдік қауіппен күрес қызметі жайлы -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Үкіметтік емес ұйымдар грантқа үміткер болмас бұрын қоғамға тиімділігін дәлелдеу керек – Алтынай Нұркеева