- Басты
- Жаңалықтар
- 380-нен астам қазақстандық соңғы 5,5 жылда шетелде емделуге жіберілді
380-нен астам қазақстандық соңғы 5,5 жылда шетелде емделуге жіберілді
Қазақстандықтарды тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанынан ҚР азаматтарын шетелде емделуге жіберу мәселелері бойынша Жұмыс органы құрылып, Бюджет қаражаты есебінен ҚР азаматтарын шетелде емделуге жіберу туралы ережелер (әрі қарай - Ережелер) бекітілді
2015 жылғы 30 маусымдағы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің бекіткен бұйрығы бойынша қолданыстағы Ережеге сай Қазақстан азаматтарының келесі санаттары шетелге жіберіледі:
Қазақстандағы медициналық ұйымдарда емдеу мен диагностикалаудың рұқсат етілген барлық тәсілдері қолданылып, олардың емдеу тиімділігінің нәтижесі болмаған жағдайдың көрсеткіштері бар 0 мен 18 жас аралығындағы балалар;
Кәмелетке толған азаматтар 8 нозология бойынша:
- Мидың хирургиялық қолжетімсіз және функциялық елеулі аумағындағы радиохирургиялық емдеу әдісін (гамма-пышақ) талап ететін артерия-веналық мальформациялары мен ісіктері;
- Эндоваскулярлық емдеу үшін ми діңі, жұлын тамырларының артерия-веналық мальформациялары және артериялық аневризмдер;
- Трансоральдік алып тастау үшін бассүйек негізінің ісіктері.
- Радиохирургиялық емдеуді (гамма-пышақ, радио белсенді аппликаторлар) талап ететін көздің қатерлі ісіктері;
- Кератопротездеу;
- Жүректі, бүйректі, бауырды, өкпені, жұлынды транспланттауды талап ететін аурулар;
- Өңеш стеноздары;
- Трахея стеноздары;
ҚР Президенті пен Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша қызметтік міндеттерін орындау барысында ауыр жарақаттар алып, Қазақстандағы медициналық ұйымдарда емдеу мен диагностикалаудың рұқсат етілген барлық тәсілдері қолданылып, олардың емдеу тиімділігінің нәтижесі болмаған жағдайдың көрсеткіштері бар мертіккен құқық қорғау органдары мен әскери қызметкерлері ерекше жағдайларда.
Сырқаттанған адамды шетелге емделуге жіберу қажеттілігі туындаған жағдайда Жұмыс органы Қазақстан азаматына барлық қажетті медициналық көмек көрсетілетін емхананы қарастырады.
Сонымен, 2011 жылы шетелге 78 пациент, оның ішінде 17 ересек және 61-і бала жіберілді. 2012 жылы - 64, оның ішінде 17 ересек, 47 бала, 2013 жылы – 64 (18-ересек, 46-бала) адам, 2014 жылы – 70 (45 ересек, 25 бала), 2015 жылы – 57 (30 ересек, 27 бала) адам жіберілді.
2016 жылы шетелдік емхананы анықтау бөліміне аймақтардағы денсаулық сақтау басқармаларынан 176 өтішніш келіп түсті. ҚР азаматтарын шетелдік медицниалық ұйымдарға емделуге жіберу бойынша Комиссияның 11 отырысы өтті. Комиссия келесі шешімді қабылдады: 52 пациентті шетелге жіберу, 12-не Қазақстандағы шеберлік сыныптары аясында емдеу, 80 пациентті Қазақстандық медициналық ұйымдарында емдеу. Өзге өтінімдер қарастырылып жатыр.
Соңғы жылдары қазақстандықтар үшін еліміздегі жаңа қымбат медициналық технологиялар қолжетімді болып отырғанын атап айту керек. 2010 жылы республикада диагностикалау мен емдеудің 40-қа жуық жаңа технологиясы енгізілді. 2015 жылы оның саны 120-дан асты. Отандық дәрігерлердің біліктілігін арттыру мен тәжірибесін мақсатында үздік шетелдік мамандарды шақыру арқылы шеберлік сыныптарын өткізу тәжірибесі енгізіліп отыр.
Шетелде өздігінен емделуге кеткен Қазақстан азаматтары көрсетілген медициналық қызметтер шығынын мемлекет қаржысы есебінен төленуін талап ете алмайды.
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда