• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Орталық Азиядағы аралас көші-қон ағымдарының мəселесі талқыланады

Астанада Орталық Азиядағы аралас көші-қон ағымдарының мəселесі талқыланады

14 Қыркүйек, 2016 14:57
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Орталық Азиядағы аралас көші-қон ағымдарының мəселесін шешу: халықтың мобильділігі, босқындар мен осал мигранттардың құқықтары жəне аймақтық ынтымақтастық» тақырыбында жоғары деңгейдегі кездесу өтеді.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» хабарлағандай, басқосудың басты мақсаты – Орталық Азияда және жалпы аймақтағы аралас көші-қонға байланысты күрделі мәселелердің шешімін табуда қатысушы мемлекетердің әлеуетін нығайту.Келелі жиын КХҰ «Орталық Азиядағы аралас көші-қонға әлеуетті нығайту арқылы әрекет ету» бағдарламасы аясында Орталық Азиядағы Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның (КХҰ) Субөңірлік үйлестіру кеңсесімен бірлесе ұйымдастырылған.

Кездесудің алғашқы күні «Мигранттардың осалдығы және Орталық Азиядағы ықпалдастықтың қажеттігі: реэмиграцияның негізгі себептері мен әлеуметтік-экономикалық салдары» атты бағалаудың таныстырылымы өтеді. Оның барысында адамдардың мобильділігі, мигранттар мен босқындар арасындағы осал санаттардың құқықтары және аймақтық ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Жиын барысында Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің аймақтық директоры Аргентина Cзабадош, Орталық Азиядағы Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҚҰ) үйлестірушісі - Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан және Өзбекстан ХКҚҰ миссиясының басшысы Деян Кесерович, Орталық Азия бойынша үйлестірушінің орынбасары Татьяна Хаджиэммануэль өз пікірлерін білдіреді.

Екінші күні өтетін кездесуге ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, Алматы процесінің төрағасы Біржан Нұрымбетов, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Қуаныш Сұлтанов, БҰҰ Орта Азия бойынша босқындарды қорғау жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының аймақтық өкілі және аймақтық үйлестірушісі  Ясуко Ода қатысады.

Жиын барысында КХҰ халықаралық сарапшыларының және Орталық Азия елдеріндегі КХҰ сарапшыларының баяндамалары жоспарланған. Кездесуге қатысушылар көші-қонның өзекті мәселелерін, әлемдік озық тәжірибелерді,  сонымен қатар мигранттар мен босқындардың құқықтарын жүзеге асыруға септесетін мүмкіндіктерді талқыға салады. Іс-шараға Қазақстан және Орталық Азия елдерінің орталық мемлекеттік мекемелері өкілдері және жетекші сарапшылары, халықаралық ұйымдар мен шетелдік елшіліктердің өкілдері, талдау құрылымдары мен ведомстволардың қызметкерлері қатысады.

 

Барлық жаңалықтар