- Басты
- Жаңалықтар
- М. Вабре: «Обрак» француздық ірі қара мал тұқымы қазақстандық жағдайға бейімделді (БЕЙНЕ)
М. Вабре: «Обрак» француздық ірі қара мал тұқымы қазақстандық жағдайға бейімделді (БЕЙНЕ)
«2012 жылы Қазақстанға «Обрак» француздық ірі қара малы экспортталды, ол біз тұрып жатқан аймаққа шоғырландырылды. Мен бұл мал тұқымын жақсы көремін, олар Қазақстанға енді көшірілген кезде олардың жергілікті жерге бейімделу үрдісін бақыладым. Кезең -кезеңмен мен қазақстандағы мал шаруашылығының дамуына қызыға бастадым, кейін мал шаруашылығымен айналысатын адамдармен таныстым», - деді ол.
«Обрак» тұқымының Қазақстандағы бейімделуіне байланысты маман аталмыш тұқымның Қазақстанда оңтайлы бейімделгенін айтты. Сарапшы айтып өткендей, 4 жыл ішінде бірқатар шешім шығаруға болады, себебі бұл тұқымнан бұзаулар туылды.
«Тұқым толық бейімделді, себебі олар тек жергілікті шөпті қорек етеді, олардың өзге аймақтан жеткізілген қоректі емес, жергілікті қоректі тұтынуы толық бейімделгендерін көрсетеді. Аталмыш тұқым Францияда өте тұрақты, оны «Аккордеон», деп те атайды. Қажеттілігіне қарай астықты пайдаланады», - деді ол.
«Аталмыш тұқымның бұқалары да Қазақстанға жеткізілген еді, бастапқыда барлығы керемет болған жоқ, ол қалыпты жағдай. Қазір аталмыш тұқым қазқастандық ауа райына бейімделіп алды, болашақта жергілікті қазақстандық «Обракқа» айналуы мүмкін», - деді ол.
Айта кетейік, мал тұқымы бойынша сарапшы Мюриель Вабре Франциядан Қазақстанға қазақстандық фермерлермен тәжірибе алмасуға келген болатын. Сарапшы мал шаруашылығын дамытудың ең үздік тәсілдері мен әдістері туралы бөліседі. Белгілі болғандай, Ұлт жоспары «100 нақты қадам» жүзеге асыру аясында агроөндірістік кешен ел экономикасының маңызды бөлігі болып саналады. Сондай-ақ, АӨК халық шаруашылығының маңызды құрамы болып табылады, Елбасының Жолдауында бұл аталып өткен болатын. Онда агроөндірістік кешендегі өнімділікті кем дегенде екі есеге өсіру керек, бұл АӨК-нің маңызды саласы болып табылады.
Индира Кауметова
Бейне: Азамат Әлиев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары