• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда 86 мың өтініш тұрғын үй нысандарын жария ету үшін мемлекеттік кіріс органдарына бағытталды

Қазақстанда 86 мың өтініш тұрғын үй нысандарын жария ету үшін мемлекеттік кіріс органдарына бағытталды

14 Қыркүйек, 2016 10:34
Ағымдағы күні барлығы 2 657,5 млрд тенге сомасында 107997өтініш (декларациялар) түсті, оның ішінде жария етілгені 2 337,3 млрд. тенге, деп хабарлады Қаржы министрлігі.

Мүліктерді жария ету жөніндегі  ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 1 074,5  млрд тг құрайтын  жылжымайтын мүлікті жария етуі үшін 104 335 өтініш (декларациялар) түсті.

Сомасы 804,0 млрд. теңгеге 86 627 тұрғын үй нысаны,сомасы 253,1 млрд. теңгеге 46 110 тұрғын үй емес нысаны, оның ішінде 10 267 млрд.теңгеге 168,4 коммерциялық нысан, сомасы 11,6 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 66 қатысу үлесі, сомасы 5,8 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

100 313 нысан, бағалы қағаздар және ақша сомасы  805,6 млрд. теңгеге жария етілді.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 5,5 млрд. теңге құрайтын 136 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша  өтініш (декларация) келіп түсті.

Сондай-ақ, сомасы 2 499,5 млн. тг құрайтын 116 тұрғын үй объекті;сомасы 32,1 млн. тг құрайтын  8 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 22,7 млн. тг құрайтын 4 коммерциялық обьекті.сомасы  15,5 млн. тг құрайтын, 9 заңды тұлғалардың  қатысу үлесі2 904,2 млн. тг сомасында бағалы қағаздар.

Сомасы 5,4 млрд. теңгеге 127 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 08.09.2016 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 1 616,9 млрд.теңге ақшаны жария етуге 3 281 жинақ шот ашылды, (оның ішінде шетелден аударылған 236,3 млрд. теңге) (соның ішінде ішінде шоттан шешілгені 1 594,8 млрд.теңге).

«Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 4,3 млрд.теңге түсті, оның 3,0 млрд.теңге қайтарылған.  

Барлық жаңалықтар