• Басты
  • Жаңалықтар
  • Семей полигонының жабылуы елдің жағымды халықаралық имиджін қалыптастырудың негізіне айналды – сарапшы

Семей полигонының жабылуы елдің жағымды халықаралық имиджін қалыптастырудың негізіне айналды – сарапшы

14 Қыркүйек, 2016 09:53
Семей полигонының жабылуы елдің жағымды халықаралық имиджін қалыптастырудың негізіне айналды, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында «Халықтар келісімі» қоғамдық қорының директоры Зиябек Қабулдинов.

«Қазақстан жағымды халықаралық имиджінің есебінде  ауқымды шетелдік инвестиция тарта алды, бүгінде біздің экономикамыз бен әлеуметтік саланы нығайтуға  200 млрд АҚШ доллары тартылды. Бұл қадамдар арқылы Қазақстан елдегі экологиялық жағдайды арттырды, сондай-ақ, ұлт денсаулығы да жақсарды», - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстан полигонды қамтамасыз етуге бағытталатын қомақты қаржыны сақтап қалды, олар экономика мен әлеуметтік салаға бағытталды.

«Біз ядролық атыстың қаупін төмендеттік, себебі біз әлем бойынша төртінші полигонды жабу арқылы ядролық нысан болудан кеттік, бұл қатысудан алыстадық. Қазақстан ядролық полигонды жабу арқылы айтарлықтай ұтты, оны бізге қоршаған орта жеткізді, Елбасымыз айтты. Біз барлық  күшімізді экономикасы дамыған демократиялы ел болуға бағыттауымыз керек», - деді ол.

Семей полигоны -  ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық нысан. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 жылы 29 тамызда таңертеңгі сағат 6.30-да Абай және Абыралы аудандарында халыққа алдын ала ескертілместен қуаттылығы 30 килотонна болатын бірінші жарылыс жасалды. Мұнда 1951 жылы 18 қазанда уран бомбасы, 1953 жылы 12 тамызда жер үстінде дүние жүзінде алғаш рет қуаттылығы 500 килотонна болатын сутек бомбасы сыналды.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар