2013 жылдың қарашасында күнкөріс минимумы 17 029 теңгені құрады

3 Желтоқсан, 2013 12:01
ҚР Статистика агенттігі 2013 жылдың қарашасындағы күнкөріс минимумын шығарды.

«Жан басына шаққанда еліміздегі өмір сүру минимумы 2013 жылдың қарашасында 17 029 теңгені құрады. Бұл өткен аймен салыстырғанда 8,6%-ға аз болса, өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 2,9%-ға артық», - делінген хабарламада.

Шығындардың үлес салмағын анықтар болсақ, 23,8% ет пен балық өнімдеріне, 9,4% көкеніс пен жеміс-жидекке, 16,8% сүт пен май өнімдері және жұмыртқаға, 7,9% нан өнімдеріне, 2,1% қант пен шай және басқа да тағам түрлеріне тиесілі екені анықталды.

Барлық жаңалықтар