- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Біз өзіміздің дамыған әскери-техникалық өнеркәсібімізді қалыптастыруға тиіспіз
Н.Назарбаев: Біз өзіміздің дамыған әскери-техникалық өнеркәсібімізді қалыптастыруға тиіспіз
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Сәкен Жасұзақовтың Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалғаны туралы айтып, қазіргі сын-қатерлердің алдын алу және оны жою ісіндегі әскердің айрықша рөлін атап өтті.
" Келесі жылы Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толады, бұл еліміздің тарихындағы маңызды белес болып саналады. Әскер – егемендіктің басты кепілі. Өңірде және әлемде қалыптасқан қазіргідей күрделі кезеңде Қарулы Күштердің рөлі артып келеді. Халықаралық терроризмнің қауіп-қатерлері, гибридті соғыстар, белең алып келе жатқан қарулану бәсекесі ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне баса көңіл бөлуге мәжбүрлеп отыр, – деді Қазақстан Президенті.
Елбасы айрықша назар аударуды қажет ететін бірқатар басым бағытты атап өтті.
" Әскери тәртіпті жетілдіру, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру және Қазақстан әскерінің жауынгерлік даярлығын жоғары деңгейде ұстау жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. Қарулы Күштерді заманауи қару-жарақпен және техникамен жарақтандыра отырып, әскери дайындық мәселелерін одан да сапалы деңгейге жеткізу керек. Ол үшін барлық қажетті қаражат бөлінетін болады. Біз өзіміздің дамыған әскери-техникалық өнеркәсібімізді қалыптастыруға тиіспіз. Осыған байланысты, тиісті құрылымды арнайы корпорацияға немесе әскери-өнеркәсіптік кешен жөніндегі министрлікке айналдыру мәселесі қарастырылатын болады, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір маңызды мәселе әскери қызметшілердің жаңа буынын қалыптастыру екенін айтты.
– Сол үшін тиісті оқу орындары, университеттер ашылды. Енді әскери қызметшілерді даярлау сапасын арттырумен айналысу керек, – деді Қазақстан Президенті.
Жаңа Қорғаныс министрі С.Жасұзақовты таныстырған Мемлекет басшысы оның мол тәжірибесі мен кәсіби машығы бар екенін атап өтті.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев И.Тасмағамбетовке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдіріп, елдің Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалуымен құттықтады.
Соңында Қазақстан Президенті қатысушыларға елдің қорғаныс қабілетін нығайту, Қазақстан армиясының жауынгерлік даярлығын арттыру ісінде табыс тіледі.
-
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Саясаттанушы дамыған мемлекетті құлдырататын басты факторды атады -
2020 жыл несімен есте қалмақ: Коронавирус біздің өмірімізді қалай өзгертті -
Инфекционист дәрігер: Науқастардың тілегі мен алғысы бізге күш-қуат береді -
Сарапшы: Біз жағдай дұрысталғанша шыдамдылық танытуымыз керек -
ҚР ДСМ: Ресурстар жеткілікті, біз жеңеміз -
Тоқаев: "BIZ BIRGEMIZ" - біздің қоғамның жаңа ұраны -
А.Аймағамбетов: Біздің басты мақсат – бір ауысымды мектептерге көшу -
Б. Сапарбаев: Біз қасиетті Әулиеата жерінің бай тарихын құрмет тұтуымыз керек -
«Еңбек» бағдарламасы шағын бізнесті қолдауға бағытталған -
Үнді сазгерлері «Бірігіп біз күресеміз» атты музыкалық туынды шығарды -
Бізге жамбылдықтарды жаппай спортқа тарту керек - Б.Сапарбаев -
Полиция лейтенанты: Адамдарды қауіп-қатерден құтқару - біздің күнделікті жұмысымыз -
Біз біргеміз: Мақтааралға көмек ретінде 20 тонна азық-түлік жеткізді -
Ордабасылық полицейлер «Біз біргеміз» акциясына өз үлестерін қосты