Б.Сұлтанов ИИДМБ мен АӨК-ге қосымша қаражат бағыттауды ұсынды

13 Қыркүйек, 2016 20:32
Қазақстанның қорғаныс кешеніне шығындар 70 млрд теңгеге дейін ұлғайады, деп ҚР қаржы министрі Бахыт Сұлтанов Үкімет отырысында мәлім етті. Бюджетті анықтау кезінде ИИДМБ, АӨК және көліктік инфрақұрылымға қосымша қаражат жіберуді ұсынды.

«Тек әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты ғана сақтап қалуды ескермей, сонымен қатар еліміздің қауіпсіздігін жоғарылатуды ескергендегі  анықталған бюджеттің жобасы  70,2 млрд теңгені құрады»,-деді Б.Сұлтанов.

Сонымен қатар, бюджетті анықтауда ИИДМБ, АӨК және көліктік инфрақұрылымға қосымша қаражат жіберуді ұсынды.

Министрлікпен елорданың инфрақұрылымы  және  басқа да жобаларды іске асыруға қосымша қаражат бөлу туралы ұсыныс жасалды.

«Ірі халықаралық шараларға дайындалу аясында, Астана қаласының инфрақұрылымына қосымша 76,7 млрд теңге қаражат бөлу ұсынылады. Сонымен қатар, ірі  жобаларды іске асыру үшін 64,2 млрд теңге қаражат қарастырылған»,-деді министр. 

Барлық жаңалықтар