• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ.Бишімбаев 2016 жылға арналған Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамын айтты

Қ.Бишімбаев 2016 жылға арналған Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамын айтты

13 Қыркүйек, 2016 20:15
Ұлттық экономика минитсрі Қуандық Бишімбаев ҚР Үкіметінің отырысында 2016 жылға арналған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын айтты. Болжамға сәйкес, жалпы өнім көлемінің өсуі төмендейді, құнсыздану деңгейі сол қалпында қалады.

Әлем экономикасының жағдайын ескере отырып, тауар нарығындағы жағдаят пен қазақстандық экономикалық салалардың даму қорытындысы ағымдағы жылдың басынан бастап ҰЭМ анықталған.

«Мұнайдың орташа жылдық бағасы 30 АҚШ долларынан 35 баррельге дейін ұлғайған.  АҚШ долларының орташа жылдық курсы 360 теңге деңгейінде сақталған. Мұнай шығару 74 млн тоннадан 75 млн тоннаға дейін ұлғайған»,-деді министр.

Министрдің айтуы бойынша, жаңартылған сценарий мен динамиканы есепке ала отырғанда ағымдағы жылдың басынан бастап салалық экономиканың дамуы , ЖІӨ 2016 жылы 0,5 пайыздық деңгейде қалады.

«Ауыл шаруашылық ЖІӨ көлемінің өсуі 2016 жылы 3,6 пайыздық деңгейде болады деп күтілуде. Өнеркәсіп 1,7 пайызға төмендейді»,-деді ол. 

Барлық жаңалықтар