• Басты
  • Жаңалықтар
  • Үкімет Ұлт жоспары - «100 нақты қадамды» іске асыруды жалғастыру керек – Сағынтаев

Үкімет Ұлт жоспары - «100 нақты қадамды» іске асыруды жалғастыру керек – Сағынтаев

13 Қыркүйек, 2016 19:41
Үкімет жоспарланған тәртіпте Мемлекет басшысының Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» міндетті түрде іске асыруды жалғастыру керек, деп Үкіметтің отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

«Біз міндетті түрде Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын нақты және жедел түрде атқаруымыз керек. Сонымен қатар, Парламент депутаттарымен сындарлы ынтымақтастықты қамтамасыз ету керек. Жаңа бюджеттің жобасы Парламентке кіргізілді»,-деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің айтуы бойынша, жоспарланған тәртіпте Ұлт жоспары -«100 нақты қадамды» міндетті түрде іске асыруды жалғастыру керек.

«Біздің негізгі тапсырмамыз- бұл тұрғындардың өмір деңгейін арттыру»,-деді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар