- Басты
- Жаңалықтар
- Ж.Асанов Дубай қаласында өткен Халықаралық прокурорлар қауымдастығының конференциясына қатысты
Ж.Асанов Дубай қаласында өткен Халықаралық прокурорлар қауымдастығының конференциясына қатысты
Ашылу рәсімінде Ирландия Республикасы Мемлекеттік прокуратурасының басшысы Клэр Лофтус пен Халықаралық прокурорлар қауымдастығының Президенті Герхард Ярош сөз сөйледі.
Күн тәртібіндегі басты тақырыптар прокурорлар мен тергеушілер қарым-қатынасы, өзара құқықтық көмек туралы халықаралық шартардың рөлі, киберқылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен, терроризммен және қылмыстың басқа да ұйымдасқан түрлерімен күресу, халықаралық қылмыстық сот төрелігі және дағдарыс жағдайындағы тұрмыстық мәселелер болды.
Форумға қатысушылар трансұлттық ұйымдасқан қымыстың алдын-алу, адам құқықтарының кепілін қамтамасыз ету, әділ сот, заң үстемдігі, қылмыстық жолмен табылған кірістер пен активтерді қайтару механизмдерін реттеу үшін прокуратура органдары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе және ақпарат алмасуды белсендендіру қажеттілігін атап өтті.
Қатысушылардың ортақ пікірі бойынша күн тәртібі мәселелерін талқылаудың өзектілігі халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғам және мемлекет мүдделерін қорғау бойынша әр түрлі елдердің қадағалаушы органдарының күштерін жұмылдыруға уағдалы.
Форум аясында Ж.Асановтың Дубай Әмірліктері, Ирландия Республикасы, Канада, Таиланд, Түркия, Чехия, Швейцария бас прокурорларымен, АҚШ, Сауд Арабиясы, Әзірбайжан бас прокурорларының орынбасарларымен, сондай-ақ ХПҚ басшылығымен келіссөздері өткізілді. Әріптестер халықаралық ұйымдасқан қылмыспен, есірткі саудасы, экстремизм және лаңкестікпен күресу аясындағы ынтымақтастықтың маңызды мәселелері бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар шарттық-құқықтық базаны кеңейту және күшейту, жедел ақпарат алмасу мәселелері қозғалды.
Келіссөздер барысында өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және болашағы талқыланды. Сұхбаттасушылар трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, экстремизм және терроризммен, есірткі саудасымен күресу бойынша өзара ықпалдастық, сонымен қатар адам құқықтарын қорғау, шарттық-құқықтық негізді нығайту, жедел ақпарат және жұмыс тәжірибесімен алмасуға қатысты пікір алмасты.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
ІІМ: Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс саны 30%-ға қысқарды -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды