Астанада «Бірге өмір сүру» жастар фестивалі өтті

3 Желтоқсан, 2013 11:40
Астанада халықтар достастығы, толеранттық пен отбасы құндылықтарын насихаттайтын «Бірге өмір сүру» жыл сайынғы I Жастар фестивалінің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

«Қазақ қоғамында отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында фестиваль аясында «Қазіргі замандағы қазақстандық қоғамдағы отбасылық құндылықтар» атты диалогтық алаң құрылды. Оған ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитеті мамандары, Әділет органы (Астана қалалық АХАЖ), Астана қалалық әкімдігі жанындағы отбасылық-демографиялық саясат және әйелдер ісі комиссиясының өкілдері, Қазақ-Ресей университеті өкілдері, психологтар, Астана қалалық орта білім беру мекемелерінің оқытушылары мен директорлары, елдің этномәдени бірлестіктер өкілдері, жастар қозғалысының көшбасшылары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері қатысты», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, отбасылық тәрбиелеу институты тренинг-семинар өткізді. Оған жас отбасылар мен үлгі отбасылардың өкілдері ат салысты.

Мұнда елдің этномәдени бірлестіктер арасындағы бейнебаян мен постерлер республикалық байқауының финалы ұйымдастырылды. Финалға қатысқан барлық үміткерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Барлық жаңалықтар