- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл ел бизнесмендері мембағдарламаның 9 түрі бойынша инновациялық гранттар ала алады
Биыл ел бизнесмендері мембағдарламаның 9 түрі бойынша инновациялық гранттар ала алады
Бүгін елордада ұйымдастырылған баспасөз мәслихаты барысында аталған агенттік басқармасы төрағасының орынбасары Әнуарбек Сұлтанғазин «Индустриалық-инновациялық қызметті мемлекетті қолдау туралы» заңның күшіне енуіне орай ендігі уақытта жаңалық иелері инновациялық гранттардың 9 түрі бойынша қолдау алатындықтарын баса айтты. Мәселен, кәсібін енді бастаған жас бизнесмендер бастапқы кезеңде 50 млн. теңгеге дейін ала алса, технологияларды коммерциялауға 30 млн. теңгеге дейін, өндірістік зерттеулерге 30 млн. теңгеге дейін, ал шетелдік және өңірлік патенттік ұйымдардың патентін алуға 6 млн. 250 мың теңгеге дейін грант беріледі.
Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар басқарушылық өндірістік технологиялар енгізуге 15 млн. теңгеге дейін, шетелде инженерлік-техникалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға 2 млн. теңгеге дейін, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға 9 млн. теңгеге дейін, консалтингтік жобалау және инжинирингтік ұйымдарды тартуға 35 млн. теңгеге дейін, ал технология сатып алуға 150 млн. теңгеге дейін грант ала алады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары