Алматыда ТЖ мен табиғи апаттардың қаупін төмендету орталығы құрылды

14 Қыркүйек, 2016 08:49
Алматыда ТЖ мен табиғи апаттардың қаупін төмендету орталығы салтанатты түрде ашылады, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ комитетінде.

Алматыда 2013 жылдың 17 мамырында   Қазақстан мен Қырғызстан арасында  орнатылған келісім, 2014 жылдың сәуірінде  ҚР парламентшілері және 2015 жылдың шілдесінде  Қырғызстан  Республикасы ратификациялаған келісім аясында  Алматыда ТЖ мен табиғи апаттардың қаупін төмендету жөнінде орталық  құрылды.

14 қыркүйекте Алматыда  Орталықтың салтанатты ашылуы өтеді.  Орталықтың ашылу салтанатына  Қазақстан  мен Қырғызстанның төтенше жағдайлар саласындағы  құзыретті орган жетекшілері, дипломатиялық миссия өкілдері,  БҰҰ агенттіктері мен халықаралық  ұйым өкілдері қатысады.

Шараны  ұйымдастырған:  ҚР Ішкі істер министрлігі, Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі мен Алматыдағы   ТЖ мен табиғи апаттардың қаупін төмендету жөніндегі орталық.

 

Барлық жаңалықтар