Павлодарда жылу желілерінің 80%-ы жылыту маусымына дайын

13 Қыркүйек, 2016 18:09
Павлодарда 620 шақырым жылу желісі әзірленген, бұл жылдық жоспардың 80%-ын құрайды. , деп облыстың Энергетика және ТКШ басқармасы хабарлайды.

Павлодар облысының Энергетика және ТКШ басқармасында хабарлағандай, биылғы жылы аймағымыздың энергия стансаларында негізгі құрал-жабдықтың 31 бірлігіне – энергия блоктарына, қазандықтар мен турбиналарға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Олардың он бірлігі жөндеуден өтті, тағы 15-інде жұмыстар жүріп жатыр, ал алтауының жөндеу жұмысының уақыты келген жоқ.

«Әлеуметтік мәдени-тұрмыс нысандары жылу қабылдауға әзір. 2422 тұрғын үйдің 1972-сі жылу беру маусымына дайын. Павлодар және Екібастұз қалаларында қойылып жатқан жылу есептейтін жалпыүйлік құралдарға келсек, екі қалада да жоспарлы 1081 құралдың жартысына жуығы ғана орнатылды»,-деп хабарламада айтылған.

Жылу желілеріне тоқталсақ, аймақта 620 шақырым жылу желісі әзірленген, бұл жылдық жоспардың 80%-ын құрайды. Энергетиктер жылу желілерін 1 қазанға қарай тапсыруды уәде етуде, алайда ол үшін олар тыным таппай демалыссыз еңбек етулері керек. Ал аймақ басшысы демалыс күндері және сағат 17-ден кейін жөндеушілерді Павлодардағы нысандардан көрмегенін мәлімдеді.

Барлық жаңалықтар