- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін 72 вагонның пайдалануы тоқтатылды
ҚР-да жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін 72 вагонның пайдалануы тоқтатылды
«Көлікті бақылау комитетінің тексерісі нәтижесінде айтылмыш уақыт мерзімінде, теміржол көлігін пайдалану ережелерін және Жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі бойынша техникалық регламентті сақтамағаны үшін айқындалған бұзушылықтар жойылғанға дейін 72 т/ж жолаушыларды таситын вагондарды пайдалану тоқтатылған», - делінген хабарламада.
Жиналысқа келесі компаниялардың өкілдері қатысты: «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Тұран Экспресс Сервис» ЖШС, «Арлан Транс Астана» ЖШС, «Nоmadаs» ЖШС, «Марал Нұр» ЖШС, «Түрксіб Астана» ЖШС және «Сары-Арқа Компани» ЖШС.
«Тексеріс, жолаушыларды таситын вагондарда техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеуден қабылдау сапасы бойынша мәселелер бар екенін көрсетті. Сонымен қатар, кейбір вагондарда сумен жабдықтау құралында ақаулар бар екендігі, ауыз су қоймалары, электржылытқыш құралдар сынғаны анықталды...Осы бұзушылықтар үшін біз вагондарды қайтарып алдық, себебі басты мақсат - әсіресе қысқы суық қарсаңына орай, жолаушылар үшін қауіпсіз қолайлы жағдайлар жасау», - ҚР ККМ Көлікті бақылау комитетінің төрағасы Асет Асавбаев осылай деп атап өтті.
Сонымен қатар, белгіленген, 10 айлық мерзім бойынша, көлікті бақылау органдарымен 1271 билетсіз жүрген жолаушылар және 21,4 тонна құжатталмаған жүктер анықталған. Анықталған бұзушылықтарға сәйкес әкімшілік істер қозғалып, 5 млн.тг. айыппұл тағылған.
Жиналыс нәтижесі бойынша, қысқы мерзімде тасымалдау ережесін сақтау, жолаушыларды таситын вагондарда техникалық қызмет көрсету сапасын қаматамасыз ету және поездарда қызмет көрсету сапасын арттыру туралы бірқатар тапсырма берілді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді