- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада халықаралық сарапшылар баламалы энергетика жобаларын қаржыландыруды талқылауда
Астанада халықаралық сарапшылар баламалы энергетика жобаларын қаржыландыруды талқылауда
Жоба өз жұмысын 2012 жылдың мамырында бастаған болатын. Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрлігі мен БҰҰ Даму бағдарламасы жоба жұмысының нәтижелерін ұсынып, конференцияға қатысушылармен Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жолдарын талқылайды.
Атап айтқанда, қалдықтарды қауіпсіз басқару, ауыл шаруашылығында «жасыл» технологияларды қолдану, табиғи экожүйелерді тұрақты басқару мәселелері, сондай-ақ, қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторда жеке бизнестің жаңа энергетикалық сервистік компанияны құру жолында жинаған сәтті тәжірибесі қарастырылмақ. көрсетіледі. Халықаралық сарапшылар жаңартылатын энергетика жобаларын қаржыландыру мәселесі мен Ұлыбританиядағы «жасыл» инвестициялық банкінің жұмысы жайлы баяндайды.
«Жасыл» экономика табиғи ресурстарды үнемді және ұтымды пайдаланып, халықтың өмір сүру сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ететін жол. Мұндай экономикалық модель әлем елдерінің XXI ғасырдағы орнықты дамуын қамтамасыз етуде ең маңызды құралдардың бірі.
«Жасыл» экономикаға көшу арқылы Қазақстан әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену мақсат-міндеттерін шешуге мүмкіндік алады. Сарапшылардың есебі бойынша 2050 жылға дейін еліміздің ІЖӨ қосымша 3 пайызға өсетін болады, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылып, өнеркәсіп пен қызмет көрсетудің жаңа салалары қалыптасады.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
Ауыл әкімдерін сайлау: Сарапшылар пікірі -
Энергетика саласы: Электp энеpгиясын өндipу, технологиялық бұзушылықтар және оның себептері -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
«Тәуелсiздiк ұрпақтары» және «Профнавигация» жобаларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда