• Басты
  • Жаңалықтар
  • 400-ден астам адам Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанты атанды (ФОТО)

400-ден астам адам Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанты атанды (ФОТО)

13 Қыркүйек, 2016 14:32
Құрлық әскерлерінің Әскери институтында жас толымның әскери ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы жылдармен салыстырғанда биылғы жылы болашақ офицерлерді қабылдау ең көп болды. Антты 418 курсант қабылдады. Ант қабылдамас бұрын курсанттар Әскери инститтутың оқу-жаттығу орталығында жас жауынгер курсынан өтті.  Оқу сыныптарында оларды әскери жарғылардың негіздерімен таныстырды. Бұл жарғыларды оларға тәптіштеп зерделеуге тура келеді. Ал плацта күн сайын саптық даярлық бойынша сабақтар өткізілді.  

Құрмет қарауылы ротасы институттың әскери оркестрінің сүйемелдеуімен қарумен саптық айла-тәсілдерді паш етті. Одан кейін үш мыңға жуық әскери қызметші бір дауыспен мемлекеттік әнұран орындады.

Институт 12 мамандық бойынша жоғары әскери-кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша офицерлік кадрларды даярлауды жүргізетінін айта кетейік. ЖОО-да заманауи оқу-материалдық база, әртүрлі техникалық оқыту құралдары бар.

Училищенің дәрісханалары, оқу зертханалары, кабинеттері мен сыныптары ғылым мен техниканың заманауи дамуы деңгейінде әскери мамандарды даярлау үшін барлық қажеттімен жабдықталған. Оқу үдерісі барысында компьютерлік және есептеуіш аппаратура қолданыла отырып, заманауи техникалық оқыту құралдары кеңінен қолданылады.

 

Барлық жаңалықтар