• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық фермерлер ауыл шаруашылығы жануарлары травматизмін алдын алуға назар аударуы керек – сарапшы (БЕЙНЕ)

Қазақстандық фермерлер ауыл шаруашылығы жануарлары травматизмін алдын алуға назар аударуы керек – сарапшы (БЕЙНЕ)

13 Қыркүйек, 2016 12:38
Профессор, ветеринарлық ғылымдар докторы, Түмен университеті кафедрасының меңгерушісі Анатолий Белобороденко Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында қазақстандық фермерлер мал шаруашылығы жануарларының күтіміне ерекше назар аудару қажеттігін айтты.

«Жемделіп жатқан жануарларды күту кезіндегі маңызды мәселе травматизмнің алдын алу болып табылады, ол  күйзелістің де алдын алу болып  есептеледі, себебі жануарлар жарақат алған кезде  күйзеліске  ұшырап,   күйзеліс кезінде жарақаттануы  әбден  мүмкін», - деді сарапшы.  

Сарапшы айтып өткендей,  жануардың күйзеліс пен жарақаттан айығуы өте көп уақытты қажет етеді, сондықтан бұл мәселеге өте жауапкершілікпен қарау қажет.

Сондай-ақ, оның айтуынша,  жаңадан әкелінген жануарларды  аурулар мен инфекцияға  тексерістен өткізу қажет.

«Қоректендіруге келетін болсақ,  ағзада  іркілу  болмағандығын анықтау керек, себебі іркілу болған жағдайда ол жануардың ағзасына толық зиян келтіреді. Сондықтан тексеріс кезінде  қосымша зерттеу, вакцинация,егу жасап қана қоймай,  биохимиялық қан егулері мен  қоректің құрамына химиялық тексерістен өткізуді жүзеге асыру қажет. Бұл істердің барлығы бір-бірімен  тығыз байланысқан», - деді ол.

Айта кетейік, сарапшы қазақстандық фермерлермен тәжірибе алмасу үшін  Ресейден келді.  Сарапшы мал шаруашылығы саласында үздік әдістермен бөліседі.  Елбасының 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру  жөніндегі  «100 нақты қадам» -  Ұлт жоспары аясында агроөндірістік кешен ел экономикасының  маңызды саласы екені мәлім.

Индира Кауметова

Бейне: Азамат Әлиев 

Барлық жаңалықтар