• Басты
  • Жаңалықтар
  • СЯСП аймағының 80%-дан астамы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылуы мүмкін – сарапшы (БЕЙНЕ)

СЯСП аймағының 80%-дан астамы ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылуы мүмкін – сарапшы (БЕЙНЕ)

13 Қыркүйек, 2016 11:59
Семей ядролық сынақ полигоны аймағының шамамен 80 пайызы болашақта ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Радиациялық қауіпсіздік институтының Оқу және ақпарат орталығының басшысы Юрий Стрельчук Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлімдеді.

«Қазақстандағы адамдардың қауіпсіздігі, Семей ядролық сынақ полиганының жабылуы, сынақтарды тоқтату өте маңызды мәселе және қазіргі таңда  ядролық сынақ кейбір елдерде әлі күнге  дейін өткізіледі. Қазіргі таңда Семей ядролық сынақ полигоны жабық, ал оның жерлері қор ретінде тұр, ал    рұқсат алынбай полигонда ешбір жұмыс жүзеге аспайды»,-деді ол.

Ю. Стрельчкутің айтуынша,  Ұлттық ядролық орталық   ядролық сынақтардың салдарын зерттеу бойынша  бірқатар  жұмыстарды атқарып жатыр.  

«Біздің жасаған зерттеулеріміз аумақта радиоактивті заттардың деңгейі астарлы көрсеткішке  сәйкес екендігін  көрсетеді және бұл аймақты ауыл шаруашылығы  мақсатында қолдануға әбден болады. Сонымен қатар, қолдануға жарамсыз   жерлер де баршылық»,-деді ол.

Сарапшының айтуы бойынша, басты назар  ядролық сынақтардың  өткізілген  алаңдарда  болып отыр.

«Шамамен 10 пайыз –  аймақтың  80 пайызын  алдағы уақытта ауыл шаруашылығы  мақсатында қолдануға болады»,- деді ол.

Семей ядролық сынақ полигоны- КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық нысан. КСРО кезеңінде  Қазақстан аймағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. 1949 жылғы 29 тамызда таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Полигонды жабу туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың тағдыршешті шешімі тарихта жаппай қырып-жою қаруын таратпауды нығайту қадамында, елдер арасында әскери шиеленісті азайтуда алғашқы қабылданған шешім болды.

Индира Қауметова

Бейне: Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар