- Басты
- Жаңалықтар
- «Бәйтерек» холдингі инвесторларды қолдаудың жаңа әдістерін ұсынады
«Бәйтерек» холдингі инвесторларды қолдаудың жаңа әдістерін ұсынады
KPPF құрудың мақсаты инфрақұрылымдық және индустриялық жобалардың өсімін ынталандыру, сондай-ақ «Нұрлы жол» және ИИДМБ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жәрдемдесу болып табылады. KPPF қаражаты қайтарым негізде жобаларды дайындауды қаржыландыруға бағытталатын болады. Іске асыруды шетелдік және отандық инвесторлар жүргізеді, деп хабарлады Холдингтің баспасөз қызметі.
«Бәйтерек» холдингі инвесторлар үшін бірыңғай жобалау офисі ретінде жұмыс жасайды. KPPF әзірленген және іске асыруға дайын жобаларды борыштық қаржыландыру («Қазақстанның Даму Банкі» АҚ), үлестік қаржыландыру («Қазына Капитал Менеджмент» АҚ), экспорттық операцияларды сақтандыру («ҚазЭкспортГарант» АҚ), гранттық қаржыландыру және субсидияларды беру («Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ) түріндегі Холдингте қолданылатын барлық құралдарды бірге пайдалана отырып, бұдан кейінгі қаржыландыруды құрылымдау үшін Холдингке бағыттайтын болады.
KPPF-ты құру кезінде EBRD (Infrastructure Project Preparation Facility), IFC (InfraVentures), ADB (Asia-Pacific Project Preparation Facility) және AIIB (Project Preparation Special Fund) сияқты халықаралық ұйымдардың осы сияқты қорларын құру жөніндегі озық халықаралық тәжірибе ескерілді.
Айта кетейік, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару және ұлттық экономиканы дамыту жүйесін оңтайландырудың кейбір шаралары туралы» № 571 Жарлығымен құрылды.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды