- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан «Армия – 2016» форумының Бас жүлдесін жеңіп алды
Қазақстан «Армия – 2016» форумының Бас жүлдесін жеңіп алды
Форумда жұмыс жасаған жетекші қорғаныс кәсіпорындары да РФ Қорғаныс министрлігі басшысы орынбасарының қолынан марапатқа ие болды. Қазақстан форумға алғаш рет қатысқанын айта кетейік. Форумда Армения, Белоруссия, Қазақстан, Пәкістан және Малайзия ҚӨК кәсіпорындарының ауқымды ұлттық экспозициялары өрістетілді.
Одан басқа, 13 шетел мемлекетінен 58 қорғаныс кәсіпорны мен холдингтер өз өнімдерін ұсынды. Өз ұлттық экспозицияларын ұсынған мемлекеттермен қатар форумға Германия, Үндістан, Израиль, Ирландия, Қытай, Таиланд, Франция, Швейцария қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары қатысты.
Форумда еліміз алты кәсіпорынмен ұсынылды. Атап айтқанда, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС, «КАЕ» ЖШС, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «С.М. Киров атындағы машина құрастыру зауыты» АҚ, «405-авиажөндеу зауыты» АҚ, сондай-ақ, «Zhasampaz» консорциумы. Компанияның стендіне әскери және қос мақсатты бұйымдардың 46 табиғи үлгісі мен 13 сұлбасы қойылды.
Олардың арасында түнгі көру көздеуіштері, жылу визиялық жүйелер, барлау және қадағалау аспаптары, корабльдер мен суасты қайықтарын өндірушілерге арналған кеме гидравликасының толымдаушы бұйымдары, Ми-17В-5, Ми-8 тікұшақтарының нобайлары, сонымен қатар, қазақстандық өндірістің дулығалары мен әскери киім-кешегі бар. «Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша тиімді жұмыс үшін алғыс білдіріп, Сіздерге әрі қарай да сәттілік тілеймін.
Сіздерді келесі форумға қатысуға шақырамын», - деді лауреаттарға лебізін білдірген Руслан Цаликов. Алабино полигоны мен Мәскеу маңындағы Кубинка әуеайлағында екі жыл қатарынан конгресстік-көрме орталығында 6-11 қыркүйекте өткен халықаралық әскери-техникалық форум алаңына барлығы жарты миллионнан аса адам жиналды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды