Қостанайда 94 отбасы жаңа пәтерге ие болды

13 Қыркүйек, 2016 10:31
Қостанай қаласында «Алтын Арман» шағын ауданындағы тұрғын үйдегі пәтер кілттері табысталды, деп хабарлады Қостанай облысы.

Жаңа тұрғын үй «Нұрлы жол»  жалға беру әлеуметтік бағдарламасы бойынша салынды, оның операторы «Бәйтерек» холдингінің Қазақстандық ипотекалық компаниясы болып табылады. Кезекте тұрғандардың  ішінде  94 отбасы  пәтерге ие болды.

Хабарламада нақтыланғандай, әкімдік «Бәйтерек» холдингінің еншілес  компанияларымен бірге тұрғын үй бағдарламасы бойынша құрылыстың қарқынды жүруі  тұрғысында кешендік шаралар қабылдап жатыр.

Қазіргі таңда  «Бәйтерек девелопмент»  пен «Қазақстандық ипотекалық компания»  ынтымақтастығы аясында  Қостанай  қаласының шағын аудандарында 9 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Жалпы, облыс орталығында адамдарды баспанамен қамту мәселесі  бойынша 5 аудан жаппай құрылыс алаңы ретінде таңдалды.

 

 

Барлық жаңалықтар