- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтау халықаралық теңіз сауда порты дәстүрлі қабылдау тізімдемесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізді
Ақтау халықаралық теңіз сауда порты дәстүрлі қабылдау тізімдемесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізді
Бұл шараға Әзірбайжан және Түркия бас консулдықтарының, Қазақстанның «KAZLOGISTICS» көлік Одағының, Маңғыстау облысының әкімдігі, «Атамекен» ҰКП, Автомобильмен тасымалдаушылар Халықаралық қауымдастығының және басқа да 45-тен астам компаниялардың, порттармен өзара жұмыс жасайтын кәсіпорындардың өкілдері қатысты, деп «ҚТЖ» ҰК»АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
Кездесуге қатысушыларға порттың жаңадан жасақталған коммерциялық құрылымы таныстырылды. Оның қызметі тапсырыс иелерімен бірлесе атқарылатын қызмет түрлерін оңайлатуды, порттың атқаратын қызмет түрлерімен таныстыруды, жеңілдіктерді, кемелерді өңдеу мен тұруына қатысты тәртіптерді, түсіру-тиеудегі ерекшеліктерді түсіндіруді көздейді.
«Бүгінгі таңда өткізілетін негізгі жүктің денін металл құрайды. Бұл өз кезегінде порттың халықаралық талап мәртебесіне сай қызметке көшуіне байланысты болып отыр»,-дейді Ақтау халықаралық теңіз сауда портының президенті Михаил Ялбачев.
Ол сондай ақ, порттың қызмет түрлеріне көрсетілетін тарифына да өзгерстер енгізіліп жатқандығына тоқталды. Порт алдағы уақытта да тапсырыс иелерімен және басқа да барлық мүдделі тараптармен өзара тиімді жұмыс жасауға ынта білдіріп отыр.
Анықтама үшін: Ақтау халықаралық теңіз сауда порты дәстүрлі тізімдемесі – бұл құжатта портта қолданылатын тәртіптер мен ережелердің,кемелердегі жүкті және жолаушыларды түсіру және тиеу технологиясы туралы мәліметтер жинақталған.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері