- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада жұмысшы мамандықтар арасында World skills Kazakhstan-2016 чемпионаты ашылды
Астанада жұмысшы мамандықтар арасында World skills Kazakhstan-2016 чемпионаты ашылды
WorldSkills – халықаралық қозғалыс, әлемнің 75 елінде өрістеген және оның негізгі мақсаты жұмыс мамандықтардың мәртебесін арттыру және насихаттау болып табылады.
Астанаға World skills Kazakhstan-2016 чемпионатына еліміздің 16 аймағынан 140 байғауға қатысушы келді. Чемпионатқа 15 құзырет бойынша жарыстар кіреді: мейрамхана ісі (аспазшы), мейрамханаға қызмет көрсету, кондитерлік, шаштараз және басқалар. Жеңімпаздар ұлттық құрамаға кіреді және Қазақстанның намысын Швейцарияда өтетін Еуропалық турнирде қорғайтын болады.
Бүгінгі күні Қауымдастықтың құрамына 75 мемлекет кіреді. 2014 жылы Қазақстан WorldSkills қауымдастығының 70-ші қатысушы елі болды. 2015 жылы Қазақстанда алғаш рет WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты өткізілді және ол жерге ҚР-ның 14 облысы мен Астана және Алматы қаласынан келген 70 адам қатысты.
Өткен жылы байқау жеті құзырет бойынша өтті. Биыл олардың саны 15. Олар: мейрамхана ісі (аспазшы), мейрамханаға қызмет көрсету, кондитерлік, шаштараз, желілік және жүйелік әкімшілік, веб-дизайн, мехатроника, құрғақ құрылыс және сылақ, кірпіш қалау, дәнекерлеу, сырлау және сәндік жұмыстары, тақтамен қаптауыш, мектепке дейінгі білім беру, жобалау киім, электро монтажды жұмыс.
«Чемпионат Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру аясында өткізілуде. Бастапқыда облыстық турнирлер өтті, ал бүгінгі жеңімпаздар ұлттық біріншілікке қатысуда. Олардың саны 1200 адам. Жыл сайын құзыреттің саны өседі және біз 2019 жылы олардың санын 47-ге дейін апаруды жоспарлаудамыз»,-деді «Кәсіпқор» Ұлттық холдинг төрағасының міндетін атқарушы Нұрғали Аршабеков.
Чемпионатты құттықтау сөзімен ҚР БҒМ вице-министрі Эльмира Суханбердиева ашты.
«Құрбан айттың бірінші күнінде баршамызға сүйікті болған World skills Kazakhstan-2016 чемпионатын ашып жатқанымыз қуантады. Бар болғаны екінші жыл оны мерекелеудеміз, алайда аз уақыт ішінде біз оны жақсы көріп қалдық. «Кәсіпқор» ұлттық холдингісіне, кәсіпкерлер палатасына және тағы да басқаларына осындай маңызды мерекеге қол ұштарын бергенге алғыс білдіргім келеді. Министр Ерлан Сағадиевтің атынан табыс тілеймін»,-деді вице-министр.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Еңбек қауіпсіздігі: Жұмысшылар құқығы, өндірістік жарақат және әлеуметтік төлемдер -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды