• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сергей Кулагин Ақмола облысының тұрғындарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Сергей Кулагин Ақмола облысының тұрғындарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

12 Қыркүйек, 2016 12:53
Аймақ әкімі Ақмола облысының тұрғындарын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Жаңа мешітке барып қайтқан әкім, Құрбан айт ұлт мерекесі екендігін айтып өтті, деп аймақ әкімдігінде хабарлайды.

«Қасиетті Құрбан айт мерекесі барша халықты бейбітшілікке, татулық пен бірлікке, қайырымдылық пен өзара түсіністікке шақырады. Әлемдегі барлық мұсылмандардың басты мейрамы болып саналатын Құрбан айт тәуелсіз Қазақстан елінде тұрып, өмір сүріп жатқан халықтардың бірлігі мен достығын, түрлі ұлттар мен ұлыстардың, дін өкілдерінің татулығын нығайтуға игі ықпалын тигізуде. Бүгінгі күні тəуелсіздіктің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген Құрбан айт шын мәнінде халықтық мерекеге айналып отыр және адамдарды ізгі істерге ынталандырып, қайырымдылыққа, кішіпейлділікке үндейді. Біздің елімізде қазіргі таңда әртүрлі конфессиялардың өкілдері татулық пен бірлікте өмір сүруде. Елді мекендер мен қалаларда мұсылман мешіттері православие шіркеулерімен, костелдермен, храмдармен қатар тұрғанын көресің. Бұл - еліміздегі дінаралық түсіністік пен татулықтың нақты айғағы екендігі анық. Өткен жылы облыс орталығы - Көкшетау қаласындағы жаңа сәулетті мешіттің ашылуы - тек мұсылмандар үшін ғана емес, барша облыс тұрғындары үшін де айтулы қуанышты оқиға болды. Жаңа мешіттің осы өңірден шыққан танымал тұлға, діни қайраткер Науан Хазіреттің есімімен аталуы халқымыздың рухани дәстүр сабақтастығының айқын көрінісі десек болады. Ұлық мейрам Құрбан айт баршаңыздың жан дүниелеріңізді қайырымдылық пен қуанышқа, имандылыққа толтырсын. Жүректеріңізге мейірім мен махаббат ұялап, Сіздерге өмір,  қуаныш пен бақыт тілеймін!", деп атап өтті аймақ басшысы өз құттықтау сөзінде.

Барлық жаңалықтар