- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда роботты техника бойынша Халықаралық Олимпиадаға іріктеу басталды (ФОТО)
Қазақстанда роботты техника бойынша Халықаралық Олимпиадаға іріктеу басталды (ФОТО)
World Robot Olympiad (WRO)-бұл мектеп оқушылар мен студенттер үшін роботты техника бойынша халықаралық олимпиада. WRO 50-ден астам елде өтеді, сонымен қатар, 20 000-нан астам команда жыл сайын осы олиммпиадаға қатысады.
Жыл сайын қорытынды әр түрлі елдерде өтеді: 2013 жыл-Индонезия, Джакарта, 2014 жыл-Ресей, Сочи, 2015 жыл-Катар, Доха. Биыл WRO-ның қорытынды кезеңі қараша айында Үндістанның Нью Дели қаласында өтеді. Астанада іріктеу Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Бакалавриатында өтеді.
«Бес командадан құралған 40 адам қатысады, оған жаттықтырушылары да кіреді: Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Бакалавриаттың командасы, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, «Роботек» клубы, «Шаг» академиясы, оқушылар сарайы. Олимпиада келесі категория бойынша өтеді: негізгі, кіші, шығармашылық санаты және футбол роботтар. Биыл олимпиаданың тақырыбы: қоқыстармен күрес. Бұл аймақтық кезең, бір айдан кейін роботты техниканың республикалық кезеңі болады. Жеңімпаздар Индияда құрама команданың ішінде Қазақстанды таныстыратын болады»,-деді : Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Бакалавриаттың баспасөз хатшысы Жазира Асанова.
Мектеп оқушылар өз жұмыстарын таныстырды: қол түріндегі робот, олар адам үшін қоқыстарды тастайды және bletooth арқылы желіні ұстайды.
«Техникалық тапсырмаларды WRO комитеті тұжырымдайды және оның негізінде балалар робот жасайды. Бұл олимпиадада жеңімпаз атану үшін, оқушылар қиын техникалық шешімдерге жүгінуі тиіс және қолданыстағы жобалауды қарастыру,өздерінің идеяларын ойластыру жұмыстары тұр.Қазақстанда жақында білім беру және спорттық роботты техника Федерациясы пайда болды және олар еліміздің 16 аймағында жарыс ұйымдастырды. Қазан айында астанада финал болады»,-деді «Роботек» роботты техника клубының директоры Михаил Малород.
Шілде айында Назарбаев зияткерлік мектебі базасында 16 қалада роботты техника бойынша курстар өтілді және ол жерде 3000-нан астам инфрпматика мұғалімдері болды.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті