- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 21 кәсіпорын өз өнімдерін шетелге экспорттайды
ОҚО-да 21 кәсіпорын өз өнімдерін шетелге экспорттайды
Аймақтың кәсіпкерлері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан және Тәжікстан Республикаларына өсімдік майы мен ұн, балық сүбесі мен консервіленген балық, құс жұмыртқасын, макарон, кондитерлік өнімдерді, қой етін және сиыр етін экспорттайды, деп аймақ әкімдігінде хабарлайды.
Ресей нарығына шығарылатын негізгі өнімдер бақшалық дақылдар, мен көкөністер ІҚМ-ға арналған мал азығы, консервіленген балық, жемістер, мақта, қызанақ, күркетауық еті,сусындар және т.б. Мәселен, осы жылдың алты айында теріскейдегі көршілерге 45 мың тонна қауын, 17 мың тонна қарбыз экспортталған.
Ал оңтүстікқазақстандық «Хамит» компаниясы балықтың сүбе етін Грузия, Германия, Украина Республикаларына және Ресей Федерациясына жібереді.
Қазіргі таңда ауылшаруашылығы өнімдерінің экспорты Еуро одақ елдеріне шыға бастады. Мысалы, "Қаршыға" шаруа қожалығы алма, қауын және қарбыз өнімдерін Германияға жібере бастады.
Бүгінде өңірімізде Иран республикасына жүгері және қой етін экспортқа шығару жайы реттелуде. Сауд Арабиясына, БАӘ және Ирак республикасына кой етін экспорттауға алдын ала келісімдер туралы жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы бағыт бойынша осы жылдың маусым айында БАӘ-ға қойлар экспортталғаны есімізде.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері