- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысынан келген Нұсқабаевтар отбасы «Мерейлi отбасы» байқауының жеңімпазы атанды (ФОТО)
Ақтөбе облысынан келген Нұсқабаевтар отбасы «Мерейлi отбасы» байқауының жеңімпазы атанды (ФОТО)
Естеріңізге сала кетейік, бүгін елордалық «Қазақстан» концерт залында үздік отбасыларға арналаған «Мерейлі отбасы» үшінші ұлттық байқауының қорытындысы жасалуда.
Финалға еліміздің әрбір аймағы мен Астана және Алматы қалаларының 16 отбасы өтті.
«Қазақстан» концерт залына келген көрермендердің ыстық қошеметтерімен ҚР Мемхатшысы Гүлшара Әбдықалықова байқаудың жеңімпазына отандық автокөліктің кілті мен құрмет грамотасын ұсынды.
Отағасы Әбдулла Нұсқабаев – Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл жұлдыз» орденінің, 1 және 2 дәрежедегі «Отандық соғыс» орденінің иегері, Кеңес Одағының Маршалы Г.Жуковтың медалімен және ҰОС мерейтойлы Жеңіс медалімен марапатталған. 10 баласы, 30 немересі және 22 шөбересі бар.
«Мен 91 жастамын және осындай гүлденген елде өмір сүріп жатқаныма қуанамын. Биыл Тәуелсіздігімізге 25 жыл толады. Бұл бір жағынан үлкен жас, ал екінші жағынан ол көзді ашып жұмғанша өте шықты. Осы байқау үшін, біздің бақытты өміріміз үшін, Тәуелсіздік үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысымыз шексіз»,-деді Әбдулла Нұсқабаев.
Сонымен қатар, ол сөз барысында өз балаларын патриоттық сезіммен тәрбиелеп жатқандығын айтып өтті.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
«Нұрлы жер»: 163 мың отбасы баспаналы болмақ -
Еңбекмин: зейнетақы жүйесі, АӘК және балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары -
22 халықаралық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанды