• Басты
  • Жаңалықтар
  • Агро құзірет орталығы қазақстандық фермрерлерді озық технологияға оқытады

Агро құзірет орталығы қазақстандық фермрерлерді озық технологияға оқытады

9 Қыркүйек, 2016 18:56
«Атамекен» ҰКП агро құзірет орталығы қазақстандық фермерлерді АӨК саласында қазіргі заманға сай технологияларға оқытады, деп ОКҚ-да өткен баспасөз –конференциясында ұлттық кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіп кешені мен тамақ өнеркәсібі департамент директорының орынбасары Дінмұхамед Әбсаттаров мәлім етті.

«Қазіргі күні оқумен 5 766 адам қамтылды. ҰКП жылдың соңына дейін АӨК-тің 25 басым бағыттары бойынша шамамен 700-ден астам семинар өткізуді жоспарлауда»,-деді ол.

Өз кезегінде, агро құзірет орталығының басшысы Төлеутай Рахымбеков семинар барысында тақырыпты таңдау кезінде аймақтың ерекшелігі ескерілу керектігін атап өтті.

Фермерлерге онлайн-қолдау көрсетуде fermers.kz ақпараттық-аналитикалық портал жүмыс жасайды және «extension» бөлімінде барлық семинардың тізімін қарауға, қашықтықта оқу материалдарын оқып білуге және сарапшыларға сұрақ қоюға болады.

8 8000 80 80 10 телефон нөмірі бойынша аграрлық қызметкерлер үшін ҰКП-ның call-орталығы жұмыс жасайды және ол жерге Қазақстанның кез келген аймағы тегін түрде қоңырау шала алады. 

Барлық жаңалықтар