- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда Алмалы ауданының инвестициялық жылжуы мен кәсіпкерлік дамуы талқыланды
Алматыда Алмалы ауданының инвестициялық жылжуы мен кәсіпкерлік дамуы талқыланды
Шараға Алматы қ. Әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов, Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естенов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ төрағасы, «Атамекен» ҰКП, қазақстандық және шетелдік инвесторлар, Алмалы ауданының бизнес қауымдастығы, сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамыту бойынша қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Форум барысында Алматы қ. Әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов Алматының әрбір ауданы ерекше болып келетіндігін, сол себепті биыл аудандық деңгейде салалық инвестициялық форум тәжірибесін енгізіп жатқандығын айтып өтті. Әрбір аудандық форумның өз тақырыбы мен ерекшелігі бар. Мысалы, сейсенбі күні Медеу ауданында бірінші форум өтті және ол жерде туризм мен қызмет көрсету салаларын талқыладық. Бүгінгі күні басты тақырып шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. ШОБ-тың әрбір бесінші субъектісі Алмалы ауданында тіркелген – олар шамамен 50 мыңдай. Ол Батыс Қазақстанмен(47 мың), Қызылорда (47 мың) және Солтүстік Қазақстан облысымен (38 мың) салыстырғанда көп.
«Ағымдағы жылдың 7 ай ішінде ауданға шамамен 30 млрд теңге инвестиция жұмылдырылды»,-деді әкім орынбасары.
Сонымен қатар, форумда Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естенов баяндамасын оқыды және ол жерде бизнес үшін ауданның инвестициялық тартымдылығының маңызды факторларын айтып өтті.
Айта кетейік, инвестициялық форум - атқарушы билік органдары мен облыстың іскерлік қоғамдастықтары арасындағы ынтымақтастықтың жаңа форматы.Алмалы ауданының бірінші инвестициялық форумы аясында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы мен «VINCI Construction Grands Projets» француз компаниясы арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық Меморандумына қол қойылды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады