- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері ҚР қауіпсіздік кеңесінде талқыланды
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері ҚР қауіпсіздік кеңесінде талқыланды
Астана мен Алматы қалаларының және облыс әкімдерінің қатысуымен өткен отырыс барысында ұлттық қауіпсіздікті және қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан Президенті қатысушыларға арнаған сөзінде биыл еліміз бірқатар тарихи маңызды оқиғаны мерекелейтінін айтты.
– Биыл біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеміз. Бұл оқиға аясындағы барлық мерекелік іс-шаралар тиісті қоғамдық-саяси тәртіпті қамтамасыз ете отырып, жоғары деңгейде өткізілуі керек. Бұл әсіресе біздің сыртқы және ішкі қауіпсіздігімізге әсер ететін әлемдегі сын-қатерлердің артуы кезінде айрықша өзекті болып отыр, – деді Елбасы.
Бұдан бөлек, өңірлер әкімдеріне Ұлт жоспарын, қабылдаған әлеуметтік міндеттемелерді тиімді орындау, жұмыспен қамту және халықтың мұң-мұқтажына уақытылы назар аудару, сондай-ақ жергілікті жерлерде идеологиялық жұмыстарды жақсарту жөнінде міндеттер қойылды.
Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері