- Басты
- Жаңалықтар
- Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстан беделді мемлекетке айналды – шетелдік сарапшылар
Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстан беделді мемлекетке айналды – шетелдік сарапшылар
Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Мачей Ланг:
-Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеміз және ол айтарлықтай күн болып табылады. Қазақстан 25 жаста. Мен ол құрылған күннен бастап бақыладым. Алғаш рет Қазақстанға 1996 жылы келдім. Осы жалдан бастап олар көптеген жетістіктерге қол жеткізді.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Рашид Әлімов:
-Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстан жетістікке қол жеткізді, тұрақты және жоспарлы саясаты салыстыра тексерілген беделді мемлекетке, сондай-ақ сыртқы саясат басымдылықтары нақты орнатылған мемлекетке айналды.
Қазақстан Республикасындағы Армения Республикасының өкілетті және төтенше елшісі Ара Саакян:
-Көптеген елдер Қазақстанды тануда және оларды әлемдік саясатта негізгі ойыншы ретінде қабылдайды. Оған мысал ретінде, Қазақстанның БҰҰ тұрақты емес мүшесі болып сайлануы.
Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және өкілетті елшісі Михаил Бочарников:
-Қазір Қазақстанда маңызды оқиғалар өтуде. Мен елші ретінде Қазақстанның БҰҰ тұрақты емес мүшесіне сайлануында, Қазақстанның кандидатурасы айтарлықтай артықшылық көрсететіндігін атап өткім келеді.
Будапештегі Корвинус Университет халықаралық қатынастар мектебінің докторы Михай Аладар Добрович (Венгрия):
-Тәуелсіздіктің 25 жылдығында Қазақстан үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Өйткені Тәуелсіздік тек сөзбен ғана емес, ол нақты іспен көрсетілді. Қазақстан халықаралық қауымдастықта құрметті және маңызды мүшесі болады.
Азия зерттеулер институтының директоры, Варшава қ. Шығыс Еуропа зерттеулер институтының аға үйлестірушісі Владыслав Соколовски (Польша):
-Қазақстан 25 жыл ішінде көптеген нәрсеге қол жеткізді, біріншіден, бұл экономикалық даму. Екіншіден – бұл тұрақтылық. Айта кететін жайт, Қазақстан – дипломатиялық ел.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді