• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанаға ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенінің алғашқы қондырғысы жеткізілді

Астанаға ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенінің алғашқы қондырғысы жеткізілді

9 Қыркүйек, 2016 18:32
Бүгін Астанаға Бордо қаласынан арнайы авиарейспен салынып жатқан ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешені (ҒА ҚСК) үшін Еуропадан технологиялық жабдық жеткізілді, деп хабарлады ИДМ баспасөз қызметі.

ҒА ҚСК сынау учаскелерінің жабдығын жеткізу 2016 жылдың қыркүйек-қазан аралығында жүргізіледі. Барлық жұмыстар стратегиялық әріптес – Airbus Defence&Space француз компаниясымен жасасқан келісімшарт негізінде жүргізіледі.

Сыналатын техниканың ерекшелігі мен сезгіштігін ескере отырып, жабдықты жеткізу екі кезеңге бөлінді. ҒА ҚСК арналған жабдықтың бірінші бөлігі Астанаға АН-124 «Руслан», «Боинг747» үш жүк тасымалдаушы ұшақпен келеді. Бұл электромагнитті үйлесімділік камерасына, жаңғыртқыш акустикалық камераға, діріл жүйесіне, массалар қасиеттерін өлшеу жүйесіне, жерүсті қосалқы механикалық жабдыққа арналған жиынтықтауыштар.

Бүгін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен Airbus Defence&Space мамандары кедендік рәсімдер жүргізілгеннен кейін ҚСК арналған технологиялық жабдықпен бірінші ұшақты қабылдады. Апта ішінде тағы екі борттың келуі күтіледі.

Жеткізудің екінші бөлігі – бұл қарамы үлкен жабдық. Термовакуумды акустикалық камераның (ТВАК) тасымалы басталғаны туралы біз бұрын айтқанбыз. ТВАК Астанаға теңіз, өзен арқылы және автокөлікпен осы жылғы қыркүйектің соңында – қазан басында жеткізіледі.

«Қазіргі уақытта қымбат жүкті ұшақтан тікелей көлік құралдарына түсірумен «Астана халықаралық әуежайы» АҚ терминалы өңдеу жөніндегі техникалық мәселелер пысықталды», - деп хабарлады «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президенті Марат Нұрғожин. «Бұл Орта Азия мен ТМД аумағында ғарыш саласының негізгі нысанын Қазақстанда құрудың аса маңызды кезеңі», - деп атап өтті ол.

Айта кетерлігі, ҒА ҚСК жобасын іске асыру және оны одан әрі пайдалану үшін 2010 жылы «Ғалам» ЖШС қазақстан-француз бірлескен кәсіпорны құрылған. Оның 72,0% акциясы «ҚҒС» ҰК» АҚ, 0,5% - ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне тиесілі. Француз тарапынан Airbus Defence&Space компаниясы құрылтайшы болып табылады, ол кәсіпорын акцияларының 27,5 % ие.

 

Барлық жаңалықтар