• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысында барлық апатты жағдайдағы көпірлер 2019 жылға дейін жөнеделеді

Алматы облысында барлық апатты жағдайдағы көпірлер 2019 жылға дейін жөнеделеді

9 Қыркүйек, 2016 15:43
Алматы облысындағы 103 апатты жағдайдағы көпір 2019 жылға дейін жөнделеді, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің орынбасары Бахтияр Өнербаев ОКҚ брифингінде.

«Алматы облысында бар барлық көпірдің 103-і апаттық жағдайда тұр. Қазқір апатты көпірлерді қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Жобалық-сметалық құжатнама әзірленді, барлық материал  сараптамаға бағытталды. Мемлекеттік сараптаманы алған соң жергілікті бюджеттен  қалпына келтіру үшін қаржы бөлінеді деп ойлаймын. 2017-2019 жылдарға арналған бағдарлама әзірленді», - деді облыс әкімдігі.

Айта кетейік, Алматы облысының облыстық маңыздағы жолдарында 244 көпір, 6338 су жіберу құбыры мен шағын көпірлер бар. 244 көпірдің 103-і апаттық жағдайда.

 

Барлық жаңалықтар