Алматы облысы Қазақстанды отандық қантпен қамтамасыз етуді жоспарлауда

9 Қыркүйек, 2016 15:32
2016 жылдың қаңтар-шілде айларында Алматы облысына 263,3 млрд теңгекөлемінде инвестиция жұмылдырылды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифинг барысында Алматы облысы әкімінің орынбасары Бахтияр Өнербаев мәлім етті.

«Инвесторлармен байланыс – бұл біздің жұмысымыздағы маңызды бағыттың  бірі. Инвестицияны жұмылдыру мақсатында облысқа 2016 жылдың басынан бастап 269,3 млрд теңге инвестиция жұмылдырылды. Бұл салық түсімдерінің көлемін ұлғайту мүмкіндік береді, яғни, экспорттың үлесін азайтады, сонымен қатар, облысты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді»,-деді әкім орынбасары.

Сөз барысында ағымдағы жылдың 7 ай ішінде 14 269 жұмыс орыны құрылғандығын айтты. Өткен жылы инвесторлар арқасында Көксу ауданында жұмыс істемей тұрған қант зауыты іске қосылды. Биыл жаңарту жұмыстары жасалуда, сонымен қатар, Ақсу қант зауытын қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалуда.

«Осылайша, Алматы облысы барлық мүмкіндіктерді қолдану үстінде және болашақта елді отандық қантпен қамтамасыз етуге, сондай-ақ экспортқа шығуды жоспарлауда»,-деді ол.

Барлық жаңалықтар