- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК-нің ұшқыштары арнайы түнгі көру аспаптарын қолдана отырып, түнгі ұшуларды өткізуде (ФОТО)
ҚР ҚК-нің ұшқыштары арнайы түнгі көру аспаптарын қолдана отырып, түнгі ұшуларды өткізуде (ФОТО)
Ми-17-В-5 тікұшағының экипажы түнгі көру аспаптарының американдық кешенін қолдана отырып, оқу-жаттықтыру ұшуларын орындайды. Ұшқыштар жарықтандырылған ұшу жолағы бойынша бірнеше жоспарлы ұшулар мен қонуларды және белгіленбеген алаңқайға қонуды орындады. Орташа биіктіктерде пилотаждау техникасын пысықтады, түнгі жағдайларда тікұшақты қолданудың жауынгерлік мүмкіндіктерінің машығын жетілдірді.
Қазақстанның армиялық авиациясы орташа есеппен алғанда жойғышқа қарағанда үнемі көбірек ұшады. Күрделі метеожағдайлар мен жеткіліксіз көрінушілік болғанда ұшу өте күрделі. Оқу-жаттықтыру ұшуларының міндетті элементтері арасында ANVIS AN/ABS-6 авиациялық көзілдіріктерін қолдана отырып, американдық түнгі көру жүйесін қолдану болып табылады. «Бұл көзәйнектер арнайы тікұшақты басқару үшін әзірленген.
Ұшуды, қонуды және жеке құрамды дайындаудың күрделі элементтерінің бірі болып табылатын авиациялық қару-жарақты жауынгерлік қолдануды қоса есептегенде, өзге де операцияларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қорғаныс дулығасының бір ғана нүктесіне қатты жалғанған түнгі көру көзілдіріктері басқару органдарын және кабинадан тыс әуе кеңістігін перифериялық тұрғыда машинамен басқаруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде тікұшақтарды түнде қолдану мүмкіндігін анағұрлым кеңейтеді», - деп Ми-17 тікұшағы экипажының командирі майор Әлібек Оршабеков атап өтті. Енді қазақстандық армиялық авиация жеке құрамды, қару-жарақ пен әскери техниканы кез келген стратегиялық бағытқа, кез келген ауа райы жағдайы мен тәулікте алмастыру жөнінде тапсырмаларды сенімді орындай алады. Ұшулар жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес 19132 әскери бөлімінің әуеайлағында өткізіліп жатқанын айта кетейік.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды -
Нотариат саласындағы реформалар: жылжымайтын мүлік құқықтары, цифрланған нотариус