• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев биыл АӨК саласын қолдау үшін қосымша 97 млрд теңге бөлуді тапсырды

Н.Назарбаев биыл АӨК саласын қолдау үшін қосымша 97 млрд теңге бөлуді тапсырды

9 Қыркүйек, 2016 13:12
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында АӨК саласын қолдау үшін қосымша 97 млрд теңге бөлуді тапсырды.

«Үкіметке  АӨК дамытуды қолдау үшін қосымша тағы 97 млрд теңге бөлуді тапсырамын», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы айтып өткендей, ҚХР-ға барға соңғы сапарында тараптар астықтың ғана емес, сондай-ақ, ет, құс өнімі мен май және т.б. экспорттау бойынша келісті.

«Бұл ешқашан болмаған жағдай, ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы жаңашылдық», - деді Н.Назарбаев.

ҚР Президенті айтып өткендей, сәйкес кооперативтерге эспортты ұлғайтып, ауыл шаруашылығы саласында индустрияландыру бағдарламасы сынды жүйені дайындауды тапсырды.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар