20 млрд-тан астам қаржы республикалық бюджетке Жамбыл облысынан түсті

10 Қыркүйек, 2016 10:03
2016 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша, мемлекеттік бюджеттің салықтар мен кеден төлемдері бойынша орындалуы 122,0 пайызды құрады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Болжам  – 38413,8 млн. теңге болса, нақты түсім 46862,2 млн. теңге, немесе 8448,4 млн.теңгеге артық түсті. Өткен  жылмен салыстырғанда түсім 5014,4 млн.теңгеге артқан, өсу қарқыны  - 112,0 пайыз - деп хабарлады спикер.

Республикалық бюджеттің болжамының  орындалуы 122,8 пайызды құрады немесе болжам  – 17017,6 млн. теңге болса, түсім 20891,9 млн. теңге, түсім 3874,3 млн.теңгеге артқан. Өткен  жылмен салыстырғанда түсім 6694,0 млн.теңгеге артқан, өсу қарқыны  - 147,1 пайыз. Оның ішінде:

Салық төлемдері бойынша болжамның орындалуы 115,6 пайызды құрады немесе түсім 1675,8 млн. теңгеге артты, яғни болжам 10740,0 млн. теңге болса, нақты түсім 12415,8 млн. теңге. Өткен  жылмен салыстырғанда түсім 3288,7 млн.теңгеге артқан, өсу қарқыны  - 136,0 пайыз.

Кеден төлемдері бойынша болжамның орындалуы 135,0 пайызды құрады немесе түсім 2198,6 млн. теңгеге артық, яғни болжам 6277,6 млн. теңге болса, нақты түсім 8476,2 млн. теңге. Өткен  жылмен салыстырғанда түсім 3405,3 млн.теңгеге артқан, өсу қарқыны  - 167,2 пайыз.

Жергілікті бюджеттің түсімі болжам бойынша 21396,2 млн. теңге, нақты түскені 25970,2 млн. теңге, яғни 4574,0 млн. теңгеге артқан немесе 121,4 пайызды құрады.

Облыстық бюджет бойынша орындалуы 129,8 пайызды құрады, болжам 10250,6  млн. теңге болса,  нақты түсім 13303,7 мың теңге немесе 3053,1 мың теңге артық,  өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен салыстырғанда 1343,1 млн. теңгеге артық, өсу қарқыны 111,2 пайызды құрады.  

Аудандық бюджет бойынша орындалуы 113,6 пайызды құрады, болжам 11145,6 млн. теңге болса,  нақты түсім 12666,5 мың теңге немесе 1520,9 мың теңге артық түскен.



 

Барлық жаңалықтар