• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев: Қазақстан биылдан бастап дағдарысқа қарсы жоспардан стратегиялық тапсырмаларды шешуге көшеді

Н. Назарбаев: Қазақстан биылдан бастап дағдарысқа қарсы жоспардан стратегиялық тапсырмаларды шешуге көшеді

9 Қыркүйек, 2016 12:54
Жылдың соңында қазынаға қосымша 830 млрд теңге кіріс алуды жоспарлаудамыз және ол Қазақстанның биылдан бастап дағдарысқа қарсы жоспардан стратегиялық тапсырмаларды шешуге көшуіне сепкі болады, деп Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Жылдың соңында қазынаға қосымша 830 млрд теңге кіріс алуды жоспарлаудамыз және ол Қазақстанның биылдан бастап дағдарысқа қарсы жоспардан стратегиялық тапсырмаларды шешуге көшуіне сепкі болады және оны біз әрдайым жүргізіп отырдық. Осындай жұмыстар стратегиялық даму мақсаттарының жүзеге асырылуы бойынша ағымдағы мәселелрді шешуге жасалды»,-деді Елбасы.

Мемлекет басшысы үш бағытты айтып өтті және ол жерге басым секторларды одан әрі дамыту үшін қосымша қаражат бағытталатын болады.

«Дағдарыспен жұмыс жасап болдық, барлық ақшаны жұмсадық, ал қазір өсу мен дамуға салу мүмкіндігі бар, осыған орай, 3 мәселені айтып өткім келеді – бұл АӨК, тұрғын үй және экономикалық әртараптандыру»,-деді ҚР Президенті.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар