ҚР Президенті республикалық бюджетті нақтылауды тапсырды

9 Қыркүйек, 2016 12:38
ҚР Президенті республикалық бюджетті нақтылауды жүргізу қажет, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«Менің айтқанымды жүзеге асыру үшін осы жылғы республикалық бюджетті нақтылауды тапсырамын. Басым жобалар мен шараларды жүзеге асыру үшін қосымша 380 млрд теңге бөлу қажет,  оның 280 млрд теңгесі бүгін айтылған тапсырмаларды іске асыруға, ал 100 млрд теңгесі өзге шығындарға жұмсалады. Оның ішінде қауіпсіздікті қамту, білім беру нысандарын салу, инфрақұрылымды дамыту және т.б», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Н.Назарбаев Ұлттық қордың қаржысын сақтауды тапсырды.

«2016 жылы кепілдендірілген трансферт көлемін 400 млрд теңгеге қысқартуды тапсырамын.  Ұлттық қордан алмай, сонда қалуы керек, мақсатты трансфертті 50 млрд теңгеге азайту қажет. Үкімет 2017-2018 жылдарға арналған бюджет жобасын менің тапсырмаларымды жүзеге асыру бойынша қайта қарап шығуы керек. Ол кейін Парламентке жіберіледі», - деді Н.Назарбаев.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар