• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев ИИДМБ-ны қолдауға қосымша 112 млрд теңге қаражат бөлуге тапсырма берді

Н.Назарбаев ИИДМБ-ны қолдауға қосымша 112 млрд теңге қаражат бөлуге тапсырма берді

9 Қыркүйек, 2016 12:04
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметінің кейейтілген отырысында 112 млрд теңге қаражат көлемінде индустриялық-инновациялық бағдарламаның екінші бесжылдығын қаржыландыруға тапсырма берді.

«Индустрияландырудың жаңа кезеңіне байланысты экспорттық әлеуетті әртараптандыру. Барлық Үкімет, барлық әкімдер экспортқа мақсат қоюы керек. Оңтүстік Кореяда осының арқасында экономиканы шығарып алды. Барлық ел жұмыс жасады, ал біз өнімдерімізді экспортқа жіберу үшін жұмыс жасауымыз керек. Біз индустриалды бағдарламаның екінші бесжылдығына кірістік. Таңдалған жобалар сапасын жоғарылатуымыз керек»,-деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы айтып өткендей, жаңа бесжылдық шикізат өнімін қамтамасыз етуі тиіс.

«Бұндай кәсіпорын бізге қажет. Жобаны таңдау барысында экспорттық әлеует, жоғары өнімділік, инновация негізгі критерилердің бірі болуы тиіс. Үкіметке аталмыш бағдарламаны қосымша 112 млрд теңге көлемінде қаржыландыруға тапсырма беремін»,- деді ҚР Президенті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сөз барысында Қытай Халық Республикасымен келісім бойынша «Жібек жолының экономикалық белдігі» атты әртараптандырудың маңызды бағыты болуы тиіс екендігін айтып өтті.

«Қазақстан-Қытай жобаларының 51-нің тізімі жасалды. 2015 жылы 64 млн теңгенің 2 жобасы болды, биыл 2 млрд теңгенің 4 жобасы жоспарлануда. 2017 жылы-17 жоба, 2018-2020 жылдары-33 жоба жоспарланған. Соңғы келіссөздер расталды. Бұл жобалар қосылған құн түрінде жақсы экономикалық тиімділіктер мен жаңа жұмыс орындарын береді»,-деді Н.Назарбаев.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар