- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қорғаныс министрлігі Канадамен ынтымақтастықты реттеуде
ҚР Қорғаныс министрлігі Канадамен ынтымақтастықты реттеуде
Кездесуде әскери-техникалық ынтымақтастық пен әскери білім беру мәселелері талқыланды. Генерал-майор Талғат Мұхтаров Қазақстан қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің белсенді дамуы, шет елдердің қатысуымен әскери мақсаттағы өнімді шығару бойынша бірқатар жаңа кәсіпорындардың құрылуы, оның ішінде, ағымдағы жылдың наурызында құрылыстың басталуына ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов жол ашқан тұңғыш қазақстандық патрон зауыты туралы әңгімелеп берді.
«Бәлкім, мамандарыңызды қару-жарақ пен әскери техника өндірісі саласында жоғары заманауи стандарттарға сай келетін қазақстандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің өнімі қызықтыруы мүмкін. Байланыс орнатып, өзара тиімді ынтымақтастықты ретке келтіруге қуанышты боламыз», - деп Т. Мұхтаров атап өтті.
Сонымен қатар, Қорғаныс министрінің орынбасары ҚР Қарулы Күштерін дамыту басымдылықтарының қатарында тұрған даярлау мен білім беру жүйесін жетілдіру туралы айтып берді. 1995 – 2016 жылдар аралығында Сен-Жан қаласының Квебек провинциясында Канада ҚК тіл мектебіндегі ағылшын тілі курсында ҚР ҚК-нің 21 әскери қызметшісі оқудан өткенін айта кетейік. Қазақстандық әскери қызметшілердің шетелде тілді оқып-үйренуі Қазақстанның халықаралық әскери ынтымақтастығының басты басымдықтарының бірін іске асыруға – бітімгершілік әлеуетті дамытуға жауап береді. Одан басқа, ҚР-дағы Канада елшісіне Қазақстанның әскери қызметшілері, НАТО елдерінің өкілдері мен серіктестердің қатысуымен әртүрлі өңірлік және халықаралық семинарларға, курстарға және конференцияларға канадалық өкілдердің қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар