- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда заманауи ақпараттық технология мен АТ-білім беру мәселесі талқыланады
Алматыда заманауи ақпараттық технология мен АТ-білім беру мәселесі талқыланады
«Технолгия дамуының жоғарғы әлеуеті жағдайында АТ- білім беру бірінші кезекте жылдам өзгеретін нарықтық сұранысқа қарай ыңғайлануы керек. ТМД мемлекеттерінің басым көпшілігінде білікті АТ-мамандарын дайындауға қатысты мәселелердің қордаланып қалғаны белгілі. Атап айтар болсақ қарапайым кәсіби талап пен білім беру бағдарламасынан бастап, келешек мамандардың тәжірибе алуына дейінгі барлық жағдайларда қиындықтар бар. Колледж бен ЖОО түлектерінің дайындығына қатысты жұмыс берушілердің берген бағасы өте төмен. Алайда сапа сұранысы нарық тарапынан талап етілгенімен, оған толықтай бейімделмеген», - делінген хабарламада.
Ақпараттық- коммуникациялық технология кәсіпкерліктері колледж бен ЖОО түлектерін өз қаражаттарына қайта оқытуға, біліктіліктерін арттыру шараларын қарастыруға мүдделі. Бұл дегеніңіз дайындалып шыққан мамандардың бәсекеге қабілетсіздігін, тиісінше сұранысты қанағаттандыра алмайтынын көрсетеді.
АТ-мамандарын дайындау міндеттемесі білім беру жүйесі мен нарықтағы сұраныстың өзара бірігіп жұмыс істегенінде ғана тиімді түрде шешілмек. Оған өз кезегінде мемлекеттік биліктің де араласуы керек. Сол себепті «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ ҚР Көлік және коммуникация министрлігімен біріге отырып «Заманауи ақпаратты технология мен АТ-лық білім беру» I Ұлттық конференциясын өткізуде.
Хабарламада айтылғандай, аталмыш конференцияға Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Корея, Малайзия мен Украинаның бизнес қауымдастығы мен білім беру саласы мамандары үлкен қызығушылық танытуда
Конференцияның басты тақырыбы: АТ-білім берудегі ұлттық жүйесінің басым бағыттарын анықтау, Оңтүстік Кореядағы, Малайзия, Ресей мен Беларусьтегі АТ-мамандарын дайындаудың халықаралық талаптары, ЖОО мен колледждерде АТ-мамандарын дайындау бағдарламасын жетілдіру болмақ.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады