• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ.Бишімбаев: 2016 жылдың соңына дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша толық игеру қамтамасыз етіледі

Қ.Бишімбаев: 2016 жылдың соңына дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша толық игеру қамтамасыз етіледі

9 Қыркүйек, 2016 11:16
2016 жылдың соңына дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша толық игеру қамтамасыз етіледі, деді Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«2016 жылдың соңына дейін «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша толық игеру қамтамасыз етіліп, дағдарысқа қарсы  шаралар толық орындалады.  Тауарлар мен қызметтерге бағаның негізсіз өсуі тоқтатылады. Жалпы, экономикадағы оң өзгерістерге орай, біз ЖІӨ өсімін жоспарланған 0,5 пайызда күтіп отырмыз», - деді министр.

Оның айтуынша, Дағдарысқа қарсы жоспар аясында Үкімет  кәсіпорындарды қолдау үшін бірқатар шаралар қабылданды:  ТЖ көлігі мен электр энергиясына бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.

Сондай-ақ, ведомство  басшысы айтып өткендей, жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар нәтижесінде 170 мың жұмыс орны сақталды, оның ішінде 114 мыңы тұрақты. Жалпы, қабылданған шаралар 5 пайыз деңгейінде тұрған жұмыссыздықты өсірмейді.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар