• Басты
  • Жаңалықтар
  • 8 жылда алғаш рет Ұлттық Банк 12% төлем бойынша 1 жылдық мерзіммен теңге нотасын шығарды

8 жылда алғаш рет Ұлттық Банк 12% төлем бойынша 1 жылдық мерзіммен теңге нотасын шығарды

9 Қыркүйек, 2016 11:09
8 жылда алғаш рет Ұлттық Банк 12% төлем бойынша 1 жылдық мерзіммен теңге нотасын шығарды. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық Банк төрағасы Данияр Әкішев мәлім етті.

«Біз банк секторында дағдарыстан өттік, бизнес пен халықты валюта нарығындағы жаңа шарттарға бейімделуін қамтамасыз еттік және ойын ережелерін түсіндірдік, отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін теңестірдік. Осыған орай, тауар бойынша және қызмет көрсету саласында импорттық алмастыру өсу үстінде»,-деді Ұлттық банк басшысы.

Д. Ақышевтің айтуы бойынша, өткен жұмада 8 жылда алғаш рет Ұлттық Банк 12% төлем бойынша 1 жылдық мерзіммен теңге нотасын шығарды.

«Бұл құралға сұраныс 4 есе болды, алайда бұл жолымыздың бастамасы. Экономикалық өсімнің бәсендеп жатқан жағдайында және экономикалық өзектілікті қалпына келтіру бойынша тиісті шараларды қолдану жағдайында, менің ойымша, Ұлттық қордың басым тапсырмаларының бірі – бұл банк секторы жағдайын елдің экономикалық қажеттіліктерін қаржыландырудың маңызды секторы ретінде ғана емес, оны экономикалық өсудің негізгі қозғаушысы ретінде қалпына келтіру керек»,-деді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар